Газ баллон жабдығын орнату

Отынды үнемдеуге прогрессивтік тәсіл

Сенімді
Қауіпсіз
Үнемді
Экологиялылық

ГБЖ артықшылықтары

  • Газ бен бензин бағасындағы айырмашылық есебінен ақшалай қаражатты үнемдеу. Орташа есеппен, газдың бір литрі бағасы 79 теңгені, АИ-92 бензиннің - теңгені құрайды
  • Бір мезгілде газбен де, бензинмен де жүру мүмкіндігі
  • Жоғары октан саны детонация қатерін азайтады және автомобильдің піспекті және бұлғақты тобына жүктемені төмендетеді.
  • Газ таза отын болып табылады және жанған кезде қозғалтқыштың жайлап әрі ақырын жұмысын қамтамасыз ете отырып, ауамен жақсырақ араласады.
  • Піспектер мен оталдыру білтелерінде күйелер қалдырмайды, майды және оталдыру білтесін ауыстыру мерзімін ұзартады, қозғалтқыштағы қорғаныш май қабыршағын кетірмейдіе
  • Газды газ багынан құйып алуға іс жүзінде мүмкін емес
  • Отынның экологиялы тұрғыдан таза түрі

Туралы пікірлер

Талгат Оспанов

Бензиннің бағалары үнемі шарықтау үстінде. Газ жабдығын орнатудың пайдалылығы туралы ұзақ ойланып, кеңес алу үшін осы компанияға жүгіндім. Менеджерлер барлық артықшылықтар туралы іскерлікпен айтып берген соң менің барлық күмәнім сейілді, себебі заманауи жүйелер пайдалану кезінде өте қауіпсіз болады. Сөйтіп, Landi Renzo фирманың газ жабдығын орнатқыздым, және, тіпті, газбен жүру тиімдірек екендігін бағалауға үлгердім. Шығындар расында да азайды.

Василий Ренц

Газ жабдығы GasEnergy компанияда орнатылып, жұмыстары ұқыпты жасалды, артық шығып тұрған ештеңе жоқ, барлығы ықшамды, автомобиль бірқалыпты жүреді, бензинмен жүру айырмашылығын байқаған жоқпын... баға-сапа жағынан қуантты.

Ренат Омаров

Өз автокөлігімді қайта жабдықтауға аса күдіктеніп қарадым, жұмысшы жігіттерге сервиске келіп жолықтым. Олар жабдық жайында барлығын түсіндіріп, жиынтықтарды көрсетті, және бұған қоса ГБЖ орнатылған автокөлікті сынама ретінде жүргізуді ұсынды. Енді менің автокөлігім газбен жүреді. Мен өте риза болдым, барлығына ұсынамын.

Кайрат Моумынов

Мен 2015 жылы Kia Rio автомобиліне Landi Renzo компанияның газ баллон жабдығын орнатуды жөн көрдім. Бензиннің қымбаттылығына байланысты, үнемдеу мақсатында орнаттым, себебі мен көлікпен көп жүремін. Қай жабдық жақсырақ деп көп ойландым. Мендежабдықтың поляк EuropeGas бен итальяндық Landi Renzo деген екі нұсқа болды. Интернеттен пікірлерді оқып, Денис есімді механиктен сұрастырып, соңында итальяндық жабдықты таңдадым, еш нәрседен ұтылмағаныма ризамын. Тартым күшінде машинада ештеңе кеміген жоқ, керісінше, шапшаңдау болды. Жалпы айтқанда, ұсынамын! Дениске сапалы орнатқаны үшін алғыс айтамын!

Асет Ракишев

Газ жабдығын өзімнің Mitsubishi Pajero көлігіме сіздің компанияңызда орнатқыздым. Бұл менің газбен жүретін екінші көлігім болады. Біріншіде 3-ші буындағы белорус газ баллон жабдығы тұрды. Айырмашылығы сезіліп тұр. Салон ішінде газдың иісі жоқ, қозғалтқыш тыныш жұмыс істейді, бак қосалқының орнына орнатылды – бәрі ыңғайлы! Сыйлық ретінде шегерім картасын алдым!

Сайран Хусаинов

2016 жылдың наурыз айында Сіздерден Landi Renzo газ жабдығын орнатып алдым! Айтайын дегенім, газға мен бензинмен салыстырғанда екі есе аз ақша жұмсаймын. Майы 12 000 км-ға дейін құйылып алынады, бензиннен де 8000 км-ден кейін таза!!! Пайдаланылған газдар шықпайды, экологияға қамқорлық. Жабдықты орнату жөніндегі мамандарға (Денис, Борис) ерекше алғысымды біілдіремін, олар өз ісінің нағыз шеберлері. Маған барлығы ұнады. Жігіттерге еңбектеріне рахмет. Мықты денсаулық тілеймін!!!
ГБЖ қалай жұмыс істейді?
2
Сыртқы жанармай құю құрылғысы
Сыртқы жанармай құю құрылғысын бензинді құюға арналған тесік тұрған люкке, бамперге ойып орнатуға болады, және де жүк салғышта қалдыруға болады. Ол сақтандырғыш жанармай құю клапанымен жасақталған. Жанармайды құю баллон 80%-ға толтырылған кезде, автоматты түрде аяқталады. Барынша мүмкін болатын қалыпқа дейін бүгіліп, мультиклапанды жабатын арнаулы қалтқы бұғаттаудың рөлін атқарады.
3
Мультиклапан
Мультиклапан — бұл ГБЖ қауіпсіздігінің бірінші жүйесі. Сақтандыру жүйесінің типіне байланысты, мультиклапандар А және Б сыныптарға бөлінеді. Біріншісінде қысымды 25 атмосфераға жеткен кезде түсіретін қосымша клапаны бар.
1
Газ баллоны
Газ баллонға сыртқы құю құрылғысына бекітілетін жанармай құю пистолеті арқылы баллонға қысыммен құйылады. Баллонды орнату нұсқалары: жүксалғышта, қосалқы дөңгелек орнына, түбі астына.
4
Қысым реттегіші (редуктор-булағыш)
ИБалоннан газ жоғары қысым түтіктері бойынша бұл жерде қысым 1 атмосфераға дейін түсірілетін редуктор-булағышқа келіп түседі.
5
Датчиктер бар біріктірілген сүзгіш
Газ сүзгішінде сұйылтылған мұнай газы өлшемді бөлшектерден тазартылады, және бұдан кейін газ инжекторлары арқылы қозғалтқыштың жану камерасына жеткізіледі.
6
Газ инжекторларының рампасы
Қозғалтқыштың әрбір цилиндріне газ жеке бүріккіш арқылы келіп түседі. Сөйтіп, төрт цилиндрлі моторға төрт бүріккіші бар газ инжекторлары орнатылады. Газ инжекторларының өнімділігі, шағын литражды, сондай-ақ көлемді қозғалтқыштарда жүйенің мінсіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, шығу шүмектеріне әртүрлі өту қимасы бар бұрама шегелермен бұрамалаумен өзгертіледі.
7
Электрондық басқару блогы
ГБЖ басқару блогы бензиннің берілуін бұғаттай отырып, сигналды бензин инжекторларынан газ инжекторларына ауыстырып қосуға мүмкіндік береді. Автомобильдің салонында «газ» және «бензин» режимдерінің сенсорлы ауыстырып қосқыш түймешігі орнатылады. Кез келген уақытта, жүріс барысында, сондай-ақ бос жүріс айналымдарында, Сіз бензиннен газға және керісінше ауыстырып қоса аласыз.
8
Қысым және газдың сейілту датчигі
Датчик іске қосу коллекторында сейілту және инжекторлардың рампасында газдың қысымы арасындағы айырмашылықты өлшейді, бұл қозғалтқыш қандай жүктеме астында болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл датчиктің басқа көпшілікке танымал атауы – МАП сенсор.
ГБЖ үнемділігі мен өтелімділік калькуляторы
ГБЖ Өтелімділігі
189 к
Жылына үнемдеу
88912 тнг
ӨТЕЛМЕЙДІ
тнг
км
тнг
л
тнг
л

ГБЖ орнату бойынша шеберханалар мекенжайлары

Астана Байжанов Азамат 87010351082 Коктал к., 5
Алматы Салимов Азад Камалович 87475282788 Нагорная к., 18, Рысқұлов к-сі бұрышы
Караганда Мысловский Игорь Владимирович 87010298314 Муканов к., 51/4
Павлодар Жумагазин Дияз Кайратович 87010298201 Запорожская к., 137
Жеке тұлғалар мен компаниялар үшін ГБЖ-ға көшу
ГБЖ-ны орнату
бойынша тегін кәсіби
консультация
Қаланы таңдаңыз
Сіздің аты
Телефон
Біздің маман Сізге 10 минут ішінде телефон шалып, ГБЖ орнату бойынша тегін кәсіби консультация береді.