Отын сапасын 4-сатылы бақылау
Сапа мәселесі - Gas Energy үшін аса маңыздыларының бірі

Өндіріс

  • Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының өнімдері
  • Зауыттар Қазақстанда автомобиль бензинін, дизельді отын мен газдың ең үздік әрі заманауи өндірушілері болып табылады
  • Зауыттар шығаратын мұнай өнімдерінің әрбір түрі сертификаттаудан немесе декларациядан міндетті өтуі тиіс
  • Отынның сапасы еуропалық деңгейдегі стандарттарға сәйкес келеді

Сапа паспорты

Сапа кепілдігі, онсыз отын бірде-бір АГҚС-қа түспейді

Отынды өндірудің және жеткізудің барлық кезеңдерінде сапаны көп сатылы бақылауын жүргіземіз.

Мұнай өнімдеріне зауытта Сапа паспорты беріледі, сосын отын АГҚС-та тасымалданғанға дейін барлық кезеңдерде мерзімді бақылауға ұшырайды.

АГҚС-қа жеткізу

 

АГҚС-қа мұнай өнімдерін жеткізу логистика бөлімімен жоспарланады және бақыланады. Түсіру ережелерін сақтауға бақылау меншікті диспетчерлік қызметтермен жүзеге асырылады.

Біздің бақылау жүйесі мұнай өнімдерінің зауыттан АГҚС-қа дейінгі жол жүру уақыты ішінде отынның сапасы мінсіз күйде сақталынатынына сенімді болуға мүмкіндік етеді.

АГҚС-та қызмет көрсету

Авто жанармай құю станциясына отынды қабылдау уақытында АГҚС қызметкерлері өнімнің талдауын алады және механикалық қоспалар мен судың жоқтығын, түсінің сәйкестігін, мөлдірілігін бақылайды.

Бұл көрсеткіштердің кез келген біреуінің нормаларға сәйкессіздігі кезінде отынды қабылдау жүргізілмейді! Егер де сапасы стандарттарға сай келетін болса, оператормен немесе жүргізушімен өнімдерінің әрбір сұрыпы үшін әрбір автоцистернадан отынның «Арбитражды сынамалары» іріктеліп алынады. Бұл сынамалар станцияда сақталады және клиенттің отынның сапасына наразылықтар білдірген жағдайда пайдаланылады. Ай сайын әрбір станцияда мұнай өнімдерінің сапасын жоспарлы бақылау талдауы және клиенттен шағым түскен кезде отынның сапасын міндетті жоспардан тыс талдауы жүргізіледі.

Біздің клиенттерімізге қызмет көрсету жетекші FAS FiussiggasAnlagen GmbH неміс компаниясының жабдығында жүргізіледі. Астана қаласында біз CNPC компаниясының сұйылтылған мұнай газын сатамыз.

Сапа менеджменті

Сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйесі

Компанияда сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерінің СТ РК ИСО 9001-2009 (ISO9001:2008) и СТ РК ИСО 14001-2006 (ISO14001:2004) Стандарттар талаптарына сәйкестікті бағалауға арналған аудит өткізілді. Компаниядағы жобаларды басқару орындаушылардың іс-әрекеттері Компанияның ішкі Нұсқаулықтары мен Ережелерімен айқын реттелген бизнес- үдерістердің бекітілген бірізділігімен жүзеге асырылады.

Пікірлер

Директор Актуалов М.А. «Транспортный ПРТ» ЖШС

Көліктік компания «Транспортный ПРТ» ЖШС «Автогаз Трэйд» ЖШС-ке бізбен қызметтестік үшін алғысын білдіреді. Сапалы және жылдам қызмет көрсету, жоғары сапалы мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізілімдер, ГБЖ орнатуға арналған бағалар шегерімдерінің икемді жүйесі, осының барлығы біздің Алматы облысындағы бизнесті дамытуға едәуір жәрдемдеседі. Одан әрі жемісті қызметтестікке үміттенеміз! Сіздерге табыс пен өркендеу тілеймін!

Директор Теребихин Б.А. «Таксомотор 095» ЖШС

«Таксомотор 095» ЖШС Сізге шын жүректен алғысын және табысты қызметтестік үшін зор ризашлығымын білдіреді. Бірлескен жұмыс кезінде «Автогаз Трэйд» ЖШС тарапынан әрдайым әдепті қарым-қатынас, шапшаң және сапалы жұмыс болды. АГҚС-тың Қазақстанның барлық аумағы бойынша ыңғайлы орналасуы. Келешекте «Автогаз Трэйд» ЖШС Компаниясымен жемісті қызметтестіктің жалғасуына сенімділік білдіреміз.

Директор Жмыкова Д.Р. «Кызылавто» ЖШС

Біздің компания өзін жауаптылықпен, шартты міндеттемелерге сәйкес жұмыс атқаратын сенімді серіктес ретінде көрсете білген «Автогаз Трэйд» ЖШС-ке алғыс айтады. «Gas Energy» отын карталарын біздің компаниямен пайдалану автопаркті пайдалануға бөлінетін қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер бойынша туындайтын мәселелерге жеке-дара тәсіл мен жедел шешім қабылдауды, Сіздің ұйымыңыздың жоғары білікті қызметкерлерін атап айту керек. Келешекте табысты ынтымақтастыққа үміт артамыз.

Директор Сореновцев А.А. «Трактойл» ЖШС

«Автогаз Трэйд» ЖШС «Трактойл» ЖШС-пен қызметтестіктің барлық кезеңінде өзін мұнай өнімдерінің адал ниетті жеткізуші ретінде таныта білді. Тек қана жоғары сапалы отынды жеткізу көліктің үздіксіз жұмсын қамтамасыз етеді, бұл біздің кәсіпорын жұмысының басты құраушылардың бірі болып табылады. Сонымен қатар ұсынылатын қызметтер бойынша туындайтын мәселелерге жеке тәсіл мен жедел шешім қабылдауды атап өту қажет.

Топжар Джамалбеков, «Автогаз Трэйд» ЖШС Бас директоры

«Автогаз Трэйд» ЖШС-тың барлық басшылығы газ моторлы отындағы автомобильдермен жүреді.