Gas Energy

«Автогаз Трэйд» ЖШС Компаниясы 2014 жылғы қараша айында құрылған. Компания қызметінің негізгі бағыты сұйылтылған мұнай газын бөлшектеп сату болып табылады

Серіктестік пен «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС арасында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-тың жұмыс істейтін АГҚС-тарында газ құю моноблоктарынды орнату үшін, 2014 жылғы қараша айында жер телімдерін қосалқы жалгерлік шартына қол қойылды.

Осы Шарттың жағдайларына сәйкес Компания 3 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 300-ге дейін газ құю моноблок орнатуын жүргізуді жоспарлайды.

Сұйылтылған мұнай газын сату мақсатында Компания АГҚС желісін дамытуға арналған 30 млн. АҚШ долларға дейінгі мөлшердегі инвестицияларды жүргізуді жоспарлайды

Осы жобаны Қазақстан Республикасының аумағында біріктірілген құрылымды құрумен дамытуды 2017 жылға дейін жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Серіктестік Қазақстанның 100 бірлік газ құю моноблоктары ба алты өңірінде ұсынылған: Астана қ.- 21 бірл., Алматы қ. - 30 бірл., Қарағанды қ. - 18 бірл., Павлодар қ. - 19 бірл., Қызылорда қ.- 14 бірл., Шымкент қ.- 4 бірл.

"АвтоГаз Трэйд" ЖШС аумағында 820 жұмыс орны құрылған.

"АвтоГаз Трэйд" ЖШС экология сауықтыруға арналған белсенді саясат жүргізеді және бар болған өңірлерде АГҚС желісін дамытады, сонымен қатар осы өңірлердің автомобиль паркін СМГ-ға көшіру бойынша саясат жүргізеді.

«Автогаз Трэйд» ЖШС Бас директоры

Джамалбеков Топжар Есболұлы

Сұйылтылған газдың бірінші артықшылығы – бұл бағасы. Газдың Алматы нарығындағы бүгінгі бағасы – 92-бензиннің 130 теңге бағасы кезінде бір литрі 46 теңге. Бұған қоса баға өңірге байланысты өзгереді.
Қауіпсіздіктің түрлі клапандары бар, бұл өте сенімді қауіпсіз жүйе және жабдық екеніне 200 пайыз кепіл етуге болады.
Бір отыннан басқа отынға көшу автомобильдің салонынан жасалады. Машинаны бензинде қыздыру керек, ал ол қыздырылған кезде, газға аударуға болады. Бірақ күні бойы газбен жүруге болады.
Сонымен қатар экология сияқты аса маңызды факторды атап өту қажет. Бензинмен салыстырғанда газда ешқандай зиянды шығарулары жоқ. Пропан-бутан қоспасы улы қалдықтарды шығармайды. Әркімнің ас бөлмесінде көгілдір отын – газ жануда және шығарулар жоқ.

Сапа менеджменті

Сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйесі

Компанияда сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерінің СТ РК ИСО 9001-2009 (ISO9001:2008) и СТ РК ИСО 14001-2006 (ISO14001:2004) Стандарттар талаптарына сәйкестікті бағалауға арналған аудит өткізілді. Компаниядағы жобаларды басқару орындаушылардың іс-әрекеттері Компанияның ішкі Нұсқаулықтары мен Ережелерімен айқын реттелген бизнес- үдерістердің бекітілген бірізділігімен жүзеге асырылады.

Пікірлер

Директор Актуалов М.А. «Транспортный ПРТ» ЖШС

Көліктік компания «Транспортный ПРТ» ЖШС «Автогаз Трэйд» ЖШС-ке бізбен қызметтестік үшін алғысын білдіреді. Сапалы және жылдам қызмет көрсету, жоғары сапалы мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізілімдер, ГБЖ орнатуға арналған бағалар шегерімдерінің икемді жүйесі, осының барлығы біздің Алматы облысындағы бизнесті дамытуға едәуір жәрдемдеседі. Одан әрі жемісті қызметтестікке үміттенеміз! Сіздерге табыс пен өркендеу тілеймін!

Директор Теребихин Б.А. «Таксомотор 095» ЖШС

«Таксомотор 095» ЖШС Сізге шын жүректен алғысын және табысты қызметтестік үшін зор ризашлығымын білдіреді. Бірлескен жұмыс кезінде «Автогаз Трэйд» ЖШС тарапынан әрдайым әдепті қарым-қатынас, шапшаң және сапалы жұмыс болды. АГҚС-тың Қазақстанның барлық аумағы бойынша ыңғайлы орналасуы. Келешекте «Автогаз Трэйд» ЖШС Компаниясымен жемісті қызметтестіктің жалғасуына сенімділік білдіреміз.

Директор Жмыкова Д.Р. «Кызылавто» ЖШС

Біздің компания өзін жауаптылықпен, шартты міндеттемелерге сәйкес жұмыс атқаратын сенімді серіктес ретінде көрсете білген «Автогаз Трэйд» ЖШС-ке алғыс айтады. «Gas Energy» отын карталарын біздің компаниямен пайдалану автопаркті пайдалануға бөлінетін қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер бойынша туындайтын мәселелерге жеке-дара тәсіл мен жедел шешім қабылдауды, Сіздің ұйымыңыздың жоғары білікті қызметкерлерін атап айту керек. Келешекте табысты ынтымақтастыққа үміт артамыз.

Директор Сореновцев А.А. «Трактойл» ЖШС

«Автогаз Трэйд» ЖШС «Трактойл» ЖШС-пен қызметтестіктің барлық кезеңінде өзін мұнай өнімдерінің адал ниетті жеткізуші ретінде таныта білді. Тек қана жоғары сапалы отынды жеткізу көліктің үздіксіз жұмсын қамтамасыз етеді, бұл біздің кәсіпорын жұмысының басты құраушылардың бірі болып табылады. Сонымен қатар ұсынылатын қызметтер бойынша туындайтын мәселелерге жеке тәсіл мен жедел шешім қабылдауды атап өту қажет.

Топжар Джамалбеков, «Автогаз Трэйд» ЖШС Бас директоры

«Автогаз Трэйд» ЖШС-тың барлық басшылығы газ моторлы отындағы автомобильдермен жүреді.